09:37, 01 Мамыр 2010 | GMT +5
«Қазгидромет» ШҚО-да төтенше жағдай қалыптасуы мүмкіндігі туралы ескерту жасады
nbsp;АСТАНА. Мамырдың 1-і. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» ауа райы жағдайына байланысты Шығыс Қазақстан өңірінде төтенше жағдай қалыптасуы мүмкіндігі туралы ескерту жасады.
«Мамырдың 1-4 күндері аралығында ауа температурасының жоғарылауы мен нөсерлі жауындарға байланысты, Шығыс Қазақстан облысының өзендерінде су деңгейінің одан ары көтерілуі күтілуде, өзен арналарынан тасып, су басу қаупі болуы мүмкін», делінген хабарламада.