«Қазгидромет» су тасқыны қаупін 90 пайыздық дәлдікпен болжайды - Қанат Бозымбаев

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» су тасқыны қаупін 90 пайыздық дәлдікпен болжайтын болады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

«Өткен жылы әсіресе жергілікті атқарушы органдардың тарапынан «Қазгидромет» қызметіне сын өте көп болған еді. Содан кейін қосымша құрал-жабдық сатып алуға ақша бөлінді. Бүгінгі жағдай қалай? Мәселе туындай ма? Төтенше жағдайлар қызметі мен жергілікті атқарушы органдар қажетті ақпараттармен қамтамасыз етілген бе?», - деп сұрады Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев Қанат Бозымбаевтан.

Ал министрдің айтуынша, қазіргі уақытта «Қазгидромет» болжау жүйесіне өзгертулер енгізген. Мәселен, бұған дейін гидрологиялық болжам үш ай бұрын жасалып келген. Ал 1 наурыздан бастап синоптиктер 7 күн бұрын болжам жасап отыратын болады.

«Оның дәлдігі 90 пайыздан асып түседі және әрбір үш күн сайын түзетіліп отырады. Яғни, барлық мемлекеттік органдар орын алатын климаттық және басқа да өзгерістер жайында ақпараттарды үлкен дәлдікпен алады. Сондықтан ақпарат толыққанды болады деп ойлаймын. Жалпы, «Қазгирометті» жабдықтау 5 жылға арналған бағдарлама әрі оны жалғастыру қажет», - деді ол.

Осы ретте Үкімет басшысы министрден: «Ағымдағы жылы тосын жайттар болса, ешкім де «Қазгирометке» сілтей алмайды ғой?», - деп сұрады.

«Бақытжан Әбірұлы, білмеймін. Біздің қызметтердің синоптиктерге сілтеу бағдысы әр уақытта да болған. Сондықтан олар үшін мен жауап бере алмаймын. Бірақ, «Қазгидромет» 90 пайыздан астам дәлдікпен болжам беретіндігі анық», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар