19:04, 01 Қазан 2019 | GMT +5
Қазгидромет тағы бір өңірде ескерту жариялады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК Алматы облысында ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
2 қазан күні Алматы облысының кей жерлерінде 1-3 градус аяз күтіледі.
Талдықораған қаласында сондай-ақ, ауа температурасы -1-3 градусқа төмендейтіні болжанады.
Еске салайық, бұған дейін Қызылорда облысының аумағында ескерту жарияланған болатын.