Қазгидромет толассыз жауып тұрған қардың қашан тоқтайынына болжам жасады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада тәулік ішінде жауын-шашынның бір айлық нормасы түсті. Бұл туралы ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап хабарлайды.

Қазгидромет толассыз жауып тұрған қардың қашан тоқтайынына болжам жасады

«Елордада қарашаның 24 бастап жауған қар толассыз әлі жауып тұр. Осы аралықта 25 мм жауын-шашын түсті. Қардың биіктігі 28 см құрады. Жалпы елордада қараша айында жауын-шашын нормасы — 28 мм мөлшерін қамтыды. Солайша, бір күнде еліміздің бас қаласына айлық жауын-шашын түсті — қардың жаууы, әлі де жалғасатын болады. Гидрометорталықтың болжамы бойынша жауын-шашын сағат 16.00-де тоқтайды», - делінген хабарламада.

Жалпы, 1- 25 қараша аралығында елордаға 45.1 мм жауын-шашын түсті. Бұл норманың екі есе асып кетуін көрсетеді

Еске салсақ, елордада қалың қар жаууына байланысты автобустар уақытынан кешігіп, қала көшелерінде көлік кептелісі байқалды.

Сондай-ақ бүгін Астанада екінші ауысымдағы 0-7 сыныптар мектепке бармайды.