Қазгидромет үш өңірде ескерту жариялады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ауа райының бұзылуына байланысты үш өңірде ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қазгидромет» РМК мәліметінше, 2 қыркүйек күні Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, дауыл тұрады. Түнде және тәңертең жекелеген аумақтарды тұман басады. Солтүстік-батыстан 18 м/с екпінде жел соғады.
2 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысында найзағай, тұман, дауыл, бұршақ күтіледі. Батыстан 15-20 м/с жылдамдықта жел тұрады.
2 қыркүйек күні Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, тұман, бұршақ болжанады. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі.
Еске салайық, бұған дейін синоптиктер 1-3 қыркүйек күндері Батыс Қазақстан, Қостанай және Ақтөбе облыстарында үсік жүретінін хабарлаған болатын.