«Қазгидрометтен» ескерту: Астанада жел екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейеді
АСТАНА. 29 тамыз. ҚазАқпарат - ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің «Қазгидромет» РМК мәліметтері бойынша, ертең, 30 тамызда, Қазақстан аумағының басым бөлігінде белсенді циклон және атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты жаңбыр жауады деп күтілуде, кей жерлерде қатты жаңбыр жауады, найзағай жарқылдайды, жел күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін, республиканың солтүстігінде түнде кей жерлерде тұман түседі. Елдің батысында ғана ауа райы жауын-шашынсыз болады.
Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында кей жерлерде 15-20 м/с жел соғады деп күтілуде, жел екпіні 25 м/с, түнде және таңертең тұман түседі. Ақтөбе, Қостанай облыстарында, түнде кей жерлерде тұман түседі, тәулік бойы Қостанай облысында кей жерлерде 15-20 м/с жел соғады. Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, түнде Оңтүстік Қазақстан, күндіз Маңғыстау, Атырау облыстарында кей жерлерде жел 15-22 м/с-қа күшейеді деп күтілуде, Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Павлодар облысының басым бөлігінде жел 15-22 м/с-қа күшейеді деп күтілуде, кей жерлерде 25 м/с-қа күшейеді, күндіз бұршақ жаууы мүмкін.
Республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және орталығында кей жерлерде төтенше жоғары өрт қаупі сақталады.
«Қазгидромет»РМК дауылдық ескерту: Ақмола облысында жаңбыр жауады деп күтілуде, кей жерлерде қатты жаңбыр жауады, найзағай жарқылдайды, күндіз бұршақ жаууы мүмкін, 29-30 тамызда солтүстік, солтүстік-шығыстан соғатын жел 9-14 м/с-қа күшейеді деп күтілуде, кей жерлерде 15-20 м/с-қа күшейеді, жел екпіні 25 м/с болады.
30 тамызда Астана қаласында жаңбыр жауады деп күтілуде, найзағай жарқылдайды, солтүстіктен соғатын жел 9-14 м/с-қа күшейеді, жел екпіні 15-20 м/с-қа дейін, күндіз ауа температурасы плюс 12-17-ге дейін төмендейді.
Жақын тәуліктерде қатты жаңбыр жауады деп болжануына байланысты Алматы облысының жекелеген таулы өзендерінде су тасуы мүмкін.
Шығыс Қазақстан, Алматы облысының өзендерінде жаңбыр жауады деп күтілуіне байланысты су шығыны ұлғаюы ықтимал.
31 тамыздан 2 қыркүйекке дейін оңтүстік-шығыс және шығыс өзендерінде су деңгейі тұрақсыз болады деп күтілуде. Қалған су нысандарында айтарлықтай өзгерістер күтілмейді.