Қазгидрометтің ескертуіне құлақ аспаған кім

АСТАНА. KAZINFORM - Қазгидромет мамандары былтыр желтоқсан айында су тасқынының жоғары қаупі бар екенін ескерткен. Елімізде болып жатқан табиғи апатқа қарағанда ескертуге құзырлы органдар аса мән бермегені ме? Әлде су тасқыны қарқынды болатынын ешкім күтпеді ме?

тасқын су
Фото: ТЖМ

Қазгидромет синоптиктері 2023 жылдың желтоқсан айынан бастап топырақ ылғалы жоғары болатынын ескертіп келген.

«Қазгидромет» РМК гидрологиялық мониторинг бөлімінің басшысы Бауыржан Жекіжановтың айтуынша, кей жерлерде ылғалдылық нормадан алты есе асып кеткен.

«Брифингтер мен жиындарда бұл мәселе министрліктер деңгейінде көтерілді. Ылғалдың жоғары болуына байланысты су басу қаупі жоғары болатыны барлығына ескертілді», - деді ол.

Айта кетейік, 2024 жылғы 8 сәуірден бастап су тасқыны қаупінің жоғары болуына байланысты Қазақстанның ұлттық гидрометеорология қызметінің гидрологиялық және ілеспе департаменттері тәулік бойы жұмыс режиміне ауыстырылды. 

Жапония премьер-министрі Конституцияға өзгерістер енгізу ниетін растады
Ұқсас жаңалықтар

Жапония премьер-министрі Конституцияға өзгерістер енгізу ниетін растады