ҚазГЗУ-да Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік шара өтті
АСТАНА. 14 желтоқсан. ҚазАқпарат - Бүгін Астанадағы Қазақ гуманитарлық заң университетінде ҚР Тәуелсіздік күніне арналған халықаралық Тілдер мен мәдениеттер фестивалі атты концерт болып өтті. Шараны жоғары оқу орнының Жалпы тіл білімі және аударма ісі кафедрасы ұйымдастырып отыр.
Кафедра оқытушысы Сабина Меңдіғазиеваның айтуынша, шет тілдерін оқып жүрген 1,2,3 курс студенттері өз білімдерін көрсету мақсатында өздері меңгерген тілде ән айтып, сол елдердің биін билеп, мәдениетін көрсетеді.
Шараға шетел елшілері, атап айтқанда Куба, Франция және Италия елшіліктерінен өкілдер келіп, тамашалады.
Студенттер ағылшын, француз, неміс, испан, итальян, орыс және қазақ тілдерінде ән айтып, түрлі елдердің ұлттық билерін биледі.