ҚАЖ комитеті Қарағанды прокурорларының айыптауын жоққа шығарды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің өкілдері Қарағанды облыстық прокуратурасының Қылмыстық-атқару жүйесі өңірлік департаментінің пробация қызметі қылмыстарды жасырып келді деген айыптарын жоққа шығарды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Қылмысты жасыру болған жоқ. Шартты түрде сотталғандардың жасаған қылмыстары туралы ақпараттың көрсетілмеуі болды. Қылмысты жасыру фактісі - бұл қызметтік қылмыс болып табылады. Егер қылмыс жасалған болса, прокуратура қылмыстық істі тіркейтін еді», - деп хабарлады Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінен.

Комитет статистикалық есептерде «қылмыстың көрсетілмеуі» болғанын растады.

Прокурорлық айыптау актісін тексеру нәтижесінде, өңірлік пробация қызметінің 8 басшысы тәртіптік жауапқа тартылды. Үшеуіне қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту берілді.

Еске салайық, Қарағанды облыстық прокуратурасы қылмыстық-атқару жүйесі органдары жұмысындағы олқылықтар туралы мәлімдеген болатын. Қадағалау органының тексерісі анықтағандай, Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті департаментінің пробация қызметінің қызметкерлері шартты түрде сотталушылардың қылмыстары туралы ақпаратты көрсетпеген. «Есепке алынған азаматтардың жасаған 42 қылмысы жасырылды. Сондай-ақ, аумақтық пробация қызметі тарапынан статистикалық есептілікті бұрмалау фактісі анықталды», - деп хабарлады прокуратураның баспасөз қызметінен.

Соңғы жаңалықтар
telegram