16:43, 28 Желтоқсан 2015 | GMT +5
ҚАЖ қызметкері Алматыда джиу-джитсудан өткен халықаралық жарыста «күміс» жүлдені иеленді (ФОТО)
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматы қаласы бойынша ҚАЖ департаментінің қызметкері Қымбат Ахмет оңтүстік астанада өткен джиу-джитсудан халықаралық жарыстың күміс жүлдегері атанды. Бұл туралы ҚР ІІМ ҚАЖ Комитетінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Аталған жарыс Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстанның ең мықты спортшыларын жинады. Ақтық кезеңде 2013 жылы Қазақстанның жастар арасында самбодан чемпионы, бірқатар халықаралық жарыстардың жүлдегері, 22 жастағы Қымбат Қостанай қаласынан келген спортшыға жол берді, деп атап өтті ҚАЖ Комитетінен.