ҚАЖ қызметкерлері азаптағаны туралы жалған мәлімдеме жасаған күдікті қылмыстық жауапкершілікке тартылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астана қаласының Алматы аудандық сотында тергеу амалдары уақытында уақытша ұстау изоляторларына қамалған кезінде Қылмыстық атқару жүйесі қызметкерлері азаптады деп мәлімдеме жасаған адамға қатысты сот отырысы өтті. Бұл туралы ҚР ІІМ ҚАЖ Комитетінің баспасөз қызметінен хабарлады.
None
None

«Сотта өткен жылдың сәуір айында Астана қаласының тергеу оқшаулағышында болған 25 жастағы күдікті мекеме қызметкерлеріне тіл тигізіп, оларды қақтығысқа азғырған. Сонымен қатар, қамауда отырғандарды қызметкерлердің айтқанын елемеуге үгіттеген. Кейін өзі әдейі басын қабырғаға ұрып, мекеме қызметкерлері жәбір көрсетті деп кінәлап, прокуратураға шағым жазған. Прокуратура тергеу жүргізіп, анық -қанығын білді», делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар