Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Қажымұқан стадионы халықаралық талаптарға сай қайта жабдықталды

АСТАНА. KAZINFORM – Астана қаласында мемлекетке қайтарылған қаражат есебінен қаржыландырылатын әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыру жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі.

Стадион имени Кажымукана Мунайтпасова показали после реконструкции в Астане
Фото: Астана әкімдігі

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша астана прокуратурасы мемлекетке қайтарылған қаражат есебінен жобаны іске асырды.

Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадион — ондаған жылдар бойы ұлттық спортты дамыту орталығы ретінде қызмет еткен елорданың айтулы спорт нысандарының бірі.

Кең ауқымды қайта құрудан кейін стадион заманауи және көп функциялы болды.

Қазір ол халықаралық талаптарға сай.

-Спорттық жарыстарды, жаттығу процестерін және жаппай іс-шараларды өткізу үшін қолайлы жағдайлар жасалды,-делінген хабарламада. Айта кетейік, елордада жалпы құны 57 млрд теңгеден асатын 3 жоба іске асырылып жатыр. Әлеуметтік маңызы бар объектілерді салу және сату барысы Астана прокуратурасының тұрақты бақылауында.

Осыған дейін Маңғыстауда прокуратураның 1,3 млрд теңгелік жобаның жалғасуына ықпал еткені туралы жаздық.