ҚАЖК жасөспірімдер тәрбиеленетін колониялардағы мектептерді Білім министрлігінің басқаруына бермек

Бұл туралы бүгін Астанада өткен ҚР Үкіметі жанындағы Кәмелет жасқа толмағандардың істері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезектен тыс 7-ші мәжілісінде аталмыш комитет төрағасының орынбасары Талғат Ахметов айтты.
«Біздер еліміздегі тәрбиелеуші колониялардағы жалпы білім беретін бес мектепті қылмыстық-атқару жүйесінен Білім және ғылым министрлігі органдарының басқаруына беру туралы жобаны әзірлеу және бекіту бойынша жұмыстар жүргіздік», деді С. Ахметов мәжілісте.
Оның пікірінше, тәрбиеленуші колониялардағы жасөспірімдер білімді азаматтық оқу орындарында алулары тиіс. Себебі, олардың аттестаттарына орта білімді түзеу мекемелерінде алды деген белгі қойылады.
Айта кетейік, Қазақстанда қазіргі таңда кәмелет жасқа толмағандар тәрбиеленетін 4 колония бар.