«Қазхром» 2012 жылғы таза пайдасының 36% дивидендке бағыттайды

АСТАНА. 15 шiлде. ҚазАқпарат - ENRC тобына кіретін «Қазхром» ТҰК» АҚ 2012 жылғы таза пайдасының 36% дивидендке бағыттайды.

«Қазхром» 2012 жылғы таза пайдасының 36% дивидендке бағыттайды

Бұл 12 млрд. теңгеден астам қаржы, деп хабарлайды Халықтық IPO бағдарламасының ресми сайты.

«Қазхром» ТҰК» АҚ-ның бір артықшылықты және қарапайым акциясына төленетін дивиденд мөлшері - 1528 теңге. Төлем 2013 жылдың 5 тамызында басталады. Дивиденд алуға құқы бар акционерлердің тізімі 10 шілдедегі жағдай бойынша жасалды.

«Қазхромның» 2012 жылғы таза пайдасы 33,648 млрд теңге болды. Дивиденд төлегеннен кейінгі қалған сома өндірісті дамытуға бағытталмақ.