«Қазхромның» ауыр жүк көлік жүргізушілері арасында жарыс өтті (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысының Хромтау қаласында «Қазхром»ТҰК» АҚ-нда «МАЗ» авто көлігінің жүргізушілері арасында кәсіби шеберлік сайысы өтті.
None
None

Жарыста компания тарихында алғаш рет еңбек өтілі небары бір жарым жылға толған қызметкер бірінші орынға ие болды.

- Бірінші орынға ие болып және үздік жүргізуші атанғаныма өте қуаныштымын. Ұзақ дайындалдық. Автокөлік және механизм цехының жол қозғалыс инженері Ержан Қоңтаевқа алғыс айтамын. Ол бізге кеңес беріп, осы сайысқа дайындады. Өзімнің жеңісімді Астана күніне және Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арнаймын, - деді бірінші орын иегері Асылан Нұрмаханов.

Компания филиалдары - «Казмарганец» кен басқармасы, Дөң ТКБК, Ақсу және Ақтөбе ферроқорытпа зауыттарындағы іріктеу кезеңдерінің жеңімпазы атанған сегіз кәсіби жүргізуші ауыр жүк техникасын басқару шеберлігін паш етті.  Жарыс дәстүр бойынша теория және тәжірибе  кезеңнен тұрды. Алдымен болып қатысушылар үшін өнеркәсіп өндіріс жағдайларында ерекше маңызды жол қозғалыс ережесі және техника қауіпсіздігі, авто көлік құрылымына қатысты сұрақтар қойылды. Тәжірибе кезеңі тіптен қиындай түсті. Қатысушыларға алдыға және кері бағытта «ирелеңдеп» жүру секілді тапсырмалар қойылды.

- Бүгін біз компанияның ең үздік жүргізушісін анықтадық. Мұнда бізге барлығы - теория және практика да  маңызды болды. Ең үздікті анықтауда  артқа қозғалыс кезінде апат дабылы, қауіпсіздік белдігін тағу, жылдамдық және маневрларды мінсіз орындауға ерекше көңіл бөлінді. Нақты жұмыс жағдайында, өнеркәсіп өндіріс ережелерін сақтауда бұл көрсеткіштер маңызды болып табылады. Осындай жарыстар келешек буынды және жоғарғы деңгейлі қызметкерлерді анықтауда көмектеседі, - деп атап өтті «Қазхром»ТҰК»АҚ еңбекті қорғау департаментінің бастығының орынбасары Вячеслав Шариков.

Жүргізушілер жарыс қорытындысы бойынша екінші және үшінші орынды Ақтөбе ферроқорытпа зауытынан Қанат Қаниев және Дөң ТКБК Серік Жұмағалиев ие болды.

Осы жылығы «Қазхромның» кәсіби шеберлік жарысының жаңа тәртібі оны жыл бойы түрлі аталымдарда өткізу болып отыр. Бұрын ол бірнеше мамандық бойынша бір мезгілде өткізілетін еді.

Биыл көктемде наурыз айында Ақтөбе ферроқорытпа зауытының  базасында көпір кран машинистері жарысты, шілде айында Дөң ТКБК өз шеберліктерін «МАЗ» жүк көлігі жүргізушілері көрсетті. Кәсіби сайыстарды өндірістік шеберлер аяқтайды. Олардың жарыстары қазан айында «Казмарганец» кен басқармасының базасында өтеді. «Қазхром» сайысының жүлделі орын иелеріне, топ кәсіпорындарының базасында қазан айында өтетін ERG-дің «Алтын қор» кәсіби шеберлік сайысында компания абыройын қорғау сеніп тапсырылмақ.

Еске салсақ, жыл сайын өткізілетін кәсіби сындар жұмысшы мамандықтарының беделін, Еңбек тдам мәртебесін, өндірістегі өнімділікті арттыру және компания филиалдарының қызметкерлерін ынталындыру үшін қолға алынған. 

null null null  

Соңғы жаңалықтар