Қажыларға арналған әуежай салынбақ
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сауд Арабиясының батысында орналасқан Таиф қаласында қажыларға арналған жаңа халықаралық әуежай салынбақ.
Елдің авиациялық билік өкілдері (General Authority of Civil Aviation, GACA) келер жылдың бірінші жартысында аяқталатын тендерді жеңіп шыққан компаниямен келісімшартқа отыратынын мәлімдеді, деп хабарлады www.muslim.kz.
Әуежай жұмысы жыл сайынғы қажылық маусымы мен кіші қажылыққа келгендерге қызмет көрсетуге бағытталады.Тендерге тек халықаралық және саудиялық компаниялардан құралған консорциумдар қатыса алады.
Қасиетті Мекке шаһарына жылына 13 миллион мұсылман келетін көрінеді. Қасиетті парызды орындауға құлшынғандарға әзірге Жидда және Мәдине қалаларындағы әуежайлар ғана қызмет көрсетуде.
Мекке шаһарынан 70 шақырым қашықтықта орналасқан Таиф қаласындағы әуежай қазіргі уақытта тек ішкі сапарларды қамтамасыз етуде.