09:26, 09 Қазан 2012 | GMT +5
Қажылық сапарына дайынсыз ба?
АСТАНА. 9 қазан. ҚазАқпарат - 2012 жылдың 10 қазаны күні (сағат 10.00-де) Астана қаласындағы «Нұр Астана» орталық мешіті

қажылыққа барамын деуші жамағатты ҚМДБ-ның найб мүфтиі, Астана қаласының Бас имамы Қалижан қажы Байырбекұлымен болатын кездесуге шақырады.
Кездесу барысында бас имам қажылық сапарының шарттарына егжейлі-тегжейлі тоқталып, болашақ қажылардың сауалдарына жауап беретін болады.
«Жүздесу соңында қасиетті сапарды аман-есен орындап қайтуларына тілек білдіріліп, бата жасалады», - делінген «Нұр Астана» орталық мешітінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Айта кетейік, биыл Сауд Арабиясы Қазақстанға қажылық парызын өтеушілер үшін 5 мың орындық квота бөлді. 2011 жылы квоталардың саны - 4097-ні құраған болатын.