04:07, 29 Сәуір 2014 | GMT +5
Қажылыққа баратындар жеребе бойынша таңдалады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Үстіміздегі жылы Қырғызстан елінен қажылық парызын өтеуге небәрі 3600 адам ғана бара алатыны белгілі болды. Бас мүфти Мақсатбек Тоқтомышевтің мәлімдеуінше, қырғыз еліне биылғы жылы бөлінген квота саны осы ғана болса керек, деп жазады muslim.kz.
«Өткен жылы бөлінген квота да осы шамалас болатын. Биылғы қажылық сапарының жолдамаларын ел аумақтарына теңдей бөліп тараттық. Дегенмен, жолдама үлестіру жеребе арқылы жүргізіледі», - дейді қырғыз мүфтиі.
Алатаудың ар жағындағы айыр қалпақты ағайындарымыздың дені мұсылмандықты ұстанып, бір Аллаға бойұсынған халық екені айтпаса да белгілі. Жергілікті сарапшылар мәлімдемесіне сүйенсек, биылғы жылы бұл елдің қажылық шығыны 2,4 мың долларды құрайды.