Қажылыққа қайта-қайта барғанша...

АСТАНА. 12 қазан. ҚазАқпарат - Сауд Арабиясының Бас мүфтиі шейх Әбдіәзіз әл-Ашшейх бұрын қажылығын өтеген мұсылмандарды әр елге квотаның жылдағыдан аз бөлінуіне байланысты қасиетті парызын тұңғыш рет орындағысы келетіндерге жол беріп, олардың алғашқы қадамына түсіністікпен қарауға шақырды. Бұл туралы muslim.kz хабарлады.
None
None

Рухани қайраткер өз сөзінде бұрын қажылық парызын өтегендеріне қарамай, бұл жолы да қасиетті сапарға аттанғысы келетіндерге осы мақсатта жинаған қаржысын мұқтаждыққа ұшыраған жандарға үлестіріп беруге үндеп, оның да сауабы болатынын алға тартты. Елдің қажылық істері жөніндегі министрлігі Мекке қаласында ұйымдастырған конференцияда сөз сөйлеген ол: «Қажылықты адам өмірінде бір рет орындаса, жетіп жатыр. Пайғамбарымыз Мұхаммед (Алланың сәлемі мен игілігі жаусын) қажылыққа қажылықты тек бір-ақ мәрте өтеген»,- деді.

Сол себепті, мұсылмандар Алла Елшісінің өмірінен (Алланың сәлемі мен игілігі жаусын) үлгі алуы тиістігін тілге тиек етті.

Соңғы жаңалықтар