Қажылыққа келген жанның ішінде 15 жыл қайшы жүрген

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сауд Арабиясы үкіметі Нигерия мемлекетінен қажылыққа келген жанның ішінде қайшы барын анықтады, деп хабарлады https://muslim.kz.

Қажылыққа келген жанның ішінде 15 жыл қайшы жүрген

Бір қызығы, қайшы әлгі адамның ішінде 15 жыл бойы жүрген көрінеді. Және денсаулығына еш залал келтірмеген.

Нигериядан Жидда қаласына ұшып келген ол денесінде қайшы барын тексеру барысында бір-ақ біледі. Оның айтуынша, ол осыдан 15 жыл бұрын ота жасатқан көрінеді. Отадан кейін тез оңалған ол кейін еш ауырлық сезінбеген.