Қажымұқан мен Шұбар ауылдарына қатынайтын автобустар елді мекен ішіне кіретін болды
АСТАНА. ҚазАқпарат – Бүгіннен бастап елорда іргесінде орналасқан Қажымұқан және Шұбар ауылдарына қатынайтын қоғамдық көліктер елді мекендердің ішіне кіріп, ауылдағы аялдамаларға тоқтап жүреді. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі «City Transportation Systems» компаниясына сілтеме жасап хабарлайды.
«5 қарашадан (сенбі) бастап, көліктік қызметті жақсарту мақсатында қала маңына қатынайтын № 310 және № 318 бағдарларының қозғалыс сызбасы өзгереді. Атап айтқанда, № 310 бағдар Қажымұқан ауылына кіріп жүреді және ауыл ішіндегі аялдамаларға жаңа қозғалыс сызбасына сәйкес қызмет көрсететін болады. Сонымен қатар, № 318 бағдарындағы автобустар Шұбар ауылына кіріп жүретін болады және ауыл ішіндегі аялдамаларға қозғалыс сызбасында сәйкес қызмет көрсететін болады», - делінген компания таратқан хабарламада.
Қоса кетсек, бұған дейін аталған компания Астана автобустарында 1 мыңнан астам жүргізуші жетіспейтінін мәлімдеген еді.
Ашық көздерден алынған фото