Қазір адамдар TikTok пен Facebook қарайды, бір беттен асатын мәтінді оқымайды - Президент

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргі жастар мен олардың қызығушылығына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бізде үлкен жазушылар бар. Дегенмен көркем әдебиетке, оның ішінде әсіресе заманауи көркем әдебиетке. қазіргі жастардың өте аз бөлігі ғана қызығушылық танытатынын бәріміз білеміз», - деді Президент.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы қазіргі жастарға қатысты өз ойын жеткізді.

«Қазір адамдар TikTok пен Facebook-ті қарайды. Бірақ оларлың 1 беттен артық ақпаратты оқуға шыдамы жетпейді. Олар ақпарат тек мәтін түрінде емес, визуалдық күйде тұтынады. Бұл үлкен проблема. Өкінішке қарай, әлде мүмкін бақытымызға орай деуіміз керекк те шығар, біз де осыған бейімделуіміз керек», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев «Хабар 24» телеарнасына берген сұхбат барысында.

Бұған дейін Президент жағымпаздық таныту туралы не ойлайтынын айтқан еді.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевты орнына алуға қатысты пікір білдірген еді.

Одан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласы атауының өзгертуге қатысты түсінік берді .



Соңғы жаңалықтар