Қазір адамның өмір сүру жасын 120 -ға дейін ұзарту мүмкін болып отыр - В.Хавинсон

АЛМАТЫ. Тамыздың 13-і. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Қазір аурудың даму жағдайының алдын алып, ағза тамырларына белсенді әсер ете алатын қабiлеті бар пептидтік биореттегіштің көмегімен адам ағзасының қартаю үдерісін баяулатып, оның өмір сүру деңгейін 120 жасқа дейін жеткізуге болады.
None
None

Бұл жайында бүгін Санкт-Петербургтың биореттегіш және герантология институтының директоры Владимир Хавинсон журналистермен кездесуі барысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ресми түрде тіркелген ұзақ жасаған адамның жасы - 122. В.Хавинсон қазіргі уақытта мыңдаған адам бұл жас мөлшерін қайталайтынына сенімді. Оның айтуынша, пептидті биореттеуішті қолдану уақыттан ерте қартаюды және жас шамасына байланысты ауруларды емдеуде тиімді мүмкіндік береді.

В.Хавинсонның отыз жылдан астам уақыт ғылыми зерттеуі барысында Ресей, АҚШ, Жапония секілді елдердің патентімен қорғалаған 40-қа жуық геропротекторлы дәрі-дәрмек жасалған.

Оның бастамасымен «Ресей халқының қартаюын тежеу, биологиялық себептерден болатын өлімді азайту және еңбекке жарамды жұрттың өмірін ұзарту» бағдарламасы жасалған. Ғылыми нәтижелер дүниежүзілік және еуропалық геронтология мен гератрия конгресінде таныстырылып, толық мақұлдауына ие болған.

Бүгінгі күні пептидті биореттеуiш ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде ресми түрде қуатталған.

Соңғы жаңалықтар