Қазір бізде көрші елдермен салыстырмалы түрде мықты және әлсіз билік түсінігі бар - Президент Әкімшілігінің ішкі саясат бөлімі меңгерушісі
АЛМАТЫ. Мамырдың 21-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Біздің билік пен демократияға қандай сын айтылса да бәрібір алға жылжып келе жатырмыз.
Бүгін Алматыда өтіп жатқан «Қазақстан Республиксасы: мемлекеттік құрылыстың тәжірибесі және әлеуметтік-саяси жаңарудың болашағы» деп аталатын халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда осылай айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қазір бізде көрші елдермен салыстырмалы түрде мықты және әлсіз билік түсінігі бар. Елдегі тұрақтылық пен тұрақты экономикалық дамуымыз және бүкіл қоғамға деген қатынасымыз біздің биліктің тиімді жұмысының нәтижесі. Бұған ықпал еткен қоғамдық бірлестіктердің, қоғамдық институттар мен Қазақстан қоғамының әрбір азаматының қатысуы», дейді ҚР Президенті Әкімшілігінің ішкі саясат бөлімі меңгерушісіАйкенже Смағұлқызы. Оның айтуынша, бұл конференция дамудың жаңа жолын іздеу, билікті жетілдіру мен мемлекеттегі құрылымдардың өзара байланысын нығайтудағы үлкен сұхбат алаңы. Оған қатысушылар мұнда өзара пікір мен үздік тәжірибелерін алмасуға мүмкіндік алады.