Қазір экономикалық теория кафедрасы Т. Рысқұлов атындағы ҚазЭУ-де ғана бар - Әли Әбішев
АЛМАТЫ. 4 қараша. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Қазақстанда қазір экономистер дайындайтын оқу орындары арасында экономикалық теория кафедрасы Қазақтың Тұрар Рысқұлов атындағы экономика университетінде ғана бар. Бұл туралы бүгін университетің оқытушы-ғалымдарына Санкт-Петербург университетінің профессоры, экономика ғылымының докторы Виктор Рязанов жүргізген дәріс кезінде айтылды.
"Кеше Алматыда ҚР ҰҒА Академигі, оқытушы-ғалым, білгір экономист Яхия Әубәкіровты еске түсіруге арналған «Экономика ғылымының әдіснамасы, теориясы және практикасы» деп аталатын халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция болды. Оған көрші Виктор Тимофеевич құрметті мейман ретінде қатысты. Алматыға тұңғыш рет келіп отырған әйгілі ғалымға экономика ғылымының теориясы мен әдіснамалық мәселелері жөніндегі өз ойын тарқатып айтып беру үшін қолқа салған едік», - дейді Т. Рысқұлов атындағы ҚазЭУ ректоры Әли Әбішев. Оның айтуынша, қазір экономика теориясы бойынша мамандар дайындау мәселесі тығырыққа тіреліп тұр. Бұл үрдістен Қазақстан да сырт қалған жоқ.