Қазір қазақстандықтар долларларын қайтадан теңгеге конвертациялай бастады ? Г. Марченко

АСТАНА. Ақпанның 9-ы ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Бүгін Үкіметтің селекторлық кеңесінде Ұлттық банктің төрағасы Григорий Марченко қазіргі уақытта қазақстандықтар қолдарындағы долларларын қайтадан теңгеге конвертациялап жатқанын айтты,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат.«Адамдар, көптеген кәсіпорындар желтоқсан мен қаңтар айларында доллар сатып алып, девальвацияны күтіп отырды. Қазір салықтарды, коммуналдық қызмет көрсетулерді және басқа да төлемдерді теңгемен төлеу қажет. Сондықтан адамдар долларларын қайтадан теңгеге конвертациялап жатыр», - деді селекторлық кеңесте Г. Марченко.Оның айтуынша, қазіргі таңда еліміздің банктеріндегі және жекеменшік ақша айырбастау орындарындағы жағдай тұрақтандырылды. Сату - 147, ал сатып алу - 149 теңге. Жұма күні биржада теңге 50 тиынға нығайған. Бір мәртелік девальвацияның нәтижесі осындай. Ұлттық банк төрағасы сонымен қатар жұма күні ақша айырбастау қосындарындағы саудаға шығарылған доллардың көлемі көп болғанын атап көрсетті. «Бүгін, дүйсенбі күні де банктер мен олардың клиенттері тарапынан сатылуы көп болады деп күтілуде», - деді Г. Марченко.
Соңғы жаңалықтар