Қазір теңбе-тең теория ұлттық экономикада да, әлемдік экономикада да жоқ - Руслан Гринберг
АЛМАТЫ. 14 сәуір. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Тәжірибесіз теория - өлі, ал теориясыз тәжірибе - соқыр. Бұл туралы бүгін Алматыда өтіп жатқан 7-ші Халықаралық тәуекел-менеджменті конференциясында айтылды.
«Қазір теңбе-тең теория ұлтық экономикада да, әлемдік экономикада да жоқ. Біз тек екі утопиялық сәйкестіктің өлімін ғана құрастыра аламыз. Олар кеңестік жоспарлау үндестігі мен еркін нарық үндестігі. Жаңа доктринада әкімшілік жоспардың айқын жеңілісі мен нарықтық фундаментализмнің 20 жылдық үстемдігінің ескерілуі қажет. Өкінішке орай, экономиканың теориялық мектебі барлық жерде бірдей күшті емес», - дейді Ресей ғылым академиясының Экономика институтынң директоры Руслан Гринберг.
Халықаралық менеджмент академиясы президентінің айтуынша, Ресейдің мектебі айтарлықтай қуатты. Ол саясатта да айқын аңғарылуда. Қазір жаңа экономикалық теория жасауға әрекеттер жасалуда. Мәселен, ол өз әріптестерімен бірігіп экономикалық теорияның жаңа бағытына айналған экономикалық әлеуметтік динамика ерекше ғылыми тұжырымдамасын жасап отыр.