Қазір Украина бұқаралық ақпарат құралдарында ең көп талқыланатын тақырып - дағдарыстың екінші толқыны
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
"Қазір Украина бұқаралық ақпарат құралдарында ең көп талқыланатын тақырып - дағдарыстың екінші толқыны. Бұл мәселе әрине өзге елдерде де белгілі бір дәрежеде сөз болып жатқаны күмәнсіз. Алғашқы кезекте олар АҚШ экономикасының динамикасын тілге тиек етеді. Өйткені АҚШ экономикасы қанша дегенмен әлемдік экономиканың локомотиві. Оның жылдық көлемі 13 триллион долларды құрайды. Дамушы елдердің экономикасы оның соңынан жүреді", дейді Forex club компаниясы тобының Украинадағы ақпараттық талдау тобының жетекшісі Николай Ивченко. АҚШ-тағы жалпы ішкі өнімнің өсу қарқыны 2008 жылдың 2-ші тоқсаны мен 2009 жылдың 1-ші тоқсаны аралығындағы кезеңде күрт төмендеп, одан кейін 2009 жылдың 3-4 тоқсандарында жылдам өскен болатын. 2010 жылдың 1-2 тоқсандарында өсім қайтадан баяулай бастады. Николай Ивченконың айтуынша, оны АҚШ экономиксының кері кетуі деуге мүлде болмайды. Бұл өсімнің баяулауы ғана. Оны боямалап жатқан бұқаралық ақпарат құралдары ғана.