Қазір валюта сатып алып жатқан азаматтар шығынға батады - ҚР Ұлттық банкі
«Қазақстанда айырбас бағасы еркіндікке жіберілген. Бұл оның негізінен Ұлттық банктің қатысуынсыз қалыптасатындығын білдіреді. Яғни, ол сұраныс пен валюта нарығындағы ұсынысқа орай қалыптасып отырады. Қазіргі уақытта орын алып отырған жайт сыртқы факторларды қоса алғанда барынша жайлы», - деді ол.
Осы ретте Данияр Ақышев Қазақстанның сыртқы нарыққа шығаратын экспорттық өнімдерінің бағасы көтеріле түскендігін, соған орай елге келетін валюталық түсім де артатындығын атап өтті.
«Бұл ретте аталған валюталық түсімнің Қазақстанға қаншалықты жылдам жететіндігіне және шетел валютасының қосымша ұсынысын қамтамасыз етуіне байланысты. Сонымен қатар, сауда серіктес елдердегі ахуалдың және айырбас бағамының да тұрақты екендігін көріп отырмыз. Сондықтан қандай да бір алаңдаушылыққа негіз жоқ», - деді ол.
Сонымен қатар Ұлттық банк төрағасы ел азаматтарына айырбас пунктеріне жүгіріп, валюта алуға және содан пайда табуға тырысудың қажеті жоқ екендігін ескертті.
«Осы нарықта пайда тауып қалуға тырысатын азаматтарға да, кәсіпорындарға да тағы бір мәрте айтқым келеді. Біз мұны бірнеше мәрте қайталадық та. Айырбас бағамы өзгерген кезде айырбас пунктіне жүгіріп, содан пайда табуға тырысудың еш мәні жоқ. Шығынға батып қалуға да болады. Өйткені, макроэкономикалық ахуал жақсы. Біз теңге бағамы артық бағаланып отыр деп санаймыз. Оның нығая түсуі де ықтимал. Сондықтан қазір валюта сатып алып жатқан адамдар ұтылатын болады», - деді Данияр Ақышев.