Қазіргі әлемдегі құлдар саны Испания халқына тең

АСТАНА. ҚазАқпарат - Әлемде басыбайлылар мәселесі әлі де өзекті. Таяуда жүргізілген зерттеу әлемде 45 миллион адамның құл ретінде ұсталып отырғандығын көрсеткен, деп хабарлайды AFP агенттігі.
None
None

Биыл өткізілген зерттеуді автралиялық миллиардер Эндрю Форрест 4 жыл бұрын құрған Walk Free Foundation ұйымы жүргізген.

Онда 167 елден мәлімет жиналған. Екі жыл бұрынғы көрсеткіш дерек жинау және өңдеу тәсілінің жетілмегендігі салдарынан төмен болып шыққан. Соңғы есеп бойынша қазіргі қоғамда бұған дейінгі көрсеткіштен 28 пайыз көп құлдар бар екендігін көрсеткен.

Walk Free Foundation есебінде жария етілген құлдар саны қазіргі халқы көп Испания, Кения немесе Аргентина секілді елмен салыстыруға болады.

Әлемде құлдар саны көп мемлекет - Үндістан. Онда 18,35 миллион адам бостандығынан айырылған.

Азиядағы елдер осы тізімнің алғашқы бестігіне орналасқан.  Екінші орында Қытай (3,39 миллион), одан кейін - Пәкістан (2,13 миллион), Бангладеш (1,53 миллион) және Өзбекстан (1,23 миллион) тұр.

Соңғы жаңалықтар