Қазіргі бессайыстан әлем кубогінде қазақстандық спортшы үздік ондыққа кірді

АСТАНА. 23 ақпан. ҚазАқпарат - Палм Стринг қаласында (АҚШ) қазіргі бессайыстан әлем кубогының алғашқы кезеңі аяқталды. Бұл сынға қатысқан Қазақстан спортшысы Павел Илющенко (5708 ұпай) үздік ондыққа кірді, деп хабарлайды «Аламан» ұлттық спорт порталы.

Қазіргі бессайыстан әлем кубогінде қазақстандық спортшы үздік ондыққа кірді

Естеріңізге сала кетейік, бұл спортшымыз жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері. Айтпақшы, тағы бір қазақстандық Андрей Солдатов 28 орын алды.

Америкадағы кезеңнің жеңімпазы болып ресейлік спортшы танылды.

1. Александр Лесун (Ресей) - 5832. 2. Адам Мароши (Венгрия) - 5808. 3. Джозеф Эванс (Ұлыбритания) - 5800