17:00, 12 Ақпан 2009 | GMT +5
Қазіргі кезеңде Қазақстанның алдында тұрған ең маңызды мәселе - мемлекеттің дағдарысқа қарсы бағдарламасын іске асыру ? Елбасы Н. Назарбаев
АСТАНА. Ақпанның 12-сі. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Қазіргі кезеңде Қазақстанның алдында тұрған ең маңызды міндет - Үкіметтің дағдарысқа қарсы бағдарламасын жүйелі түрде іске асыру. Бұл туралы бүгін «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесі Бюросының кеңейтілген отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.«Біз бұдан да күрделі жағдайларды еңсердік» деген Мемлекет басшысы Қазақстан Кеңес Одағы күйрегеннен кейін 1992-1995 жылдардағы қиын кезеңдерден, сондай-ақ 1999 жылғы Оңтүстік Шығыс Азиядағы дағдарыстан табысты өткенін атап көрсетті. Н. Назарбаев дүниежүзін қамтып, Қазақстанға да әсер етіп отырған қазіргі дағдарыстың біздің еліміздің қателігінен емес, әлемде экономикалық кемшіліктің кесірінен болып отырғанын атап көрсетті. «Қазақ көппен көрген ұлы той» деп айтқан. Біз бұл дағдарыстан шығуды және одан кейінгі даму жолдарымызды талқылауымыз керек», деді отырыста Мемлекет басшысы.