Қазіргі кезеңде шегірткелер егінге ешбір қауіп төндірмейді - Ауыл шаруашылығы министрі

АСТАНА. 19 шілде. ҚазАқпарат - Қазіргі кезеңде шегірткелер егінге ешбір қауіп төндірмейді. Бұл туралы бүгін Астанада "Ветеринарлық қауіпсіздік - Қазақстанның мал шаруашылығын тұрақты дамытудың негізі"  конференциясы барысында тілшілерге ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков мәлім етті.

Қазіргі кезеңде шегірткелер егінге ешбір қауіп төндірмейді - Ауыл шаруашылығы министрі

Еске сала кетейік, бұдан бұрын хабарланғанындай, Ресейден көшкен қара шегірткелер Батыс Қазақстан, Ақтөбе және Қостанай облыстарының егістік алқаптарына түскен болатын. Осыған байланысты ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігімен осы облыстарға өңдеулерді жүргізу үшін қосымша пестицидтер бөлінді. Сондай-ақ Ресеймен шекаралас аумақтарды толығымен өңдеуге тура келген.  Бұл жоспарланған өңдеулердің көлемін 258,254 мың гектарға арттырып жіберді.

 Осыған байланысты ҚР Ауыл шаруашылығы  министрлігі Ресейдің Ауыл шаруашылығы министрлігіне шекаралас аумақтарды өңдеу үшін шұғыл шараларды қабылдау қажеттігі туралы хабарлама хат жолдаған болатын.

 «Бүгінгі таңда Ресей тарапынан ешбір жауап келген жоқ. Биылғы жыл шегірткелердің биологиялық шарықтау шегі. Зерттеу және залалсыздандыру жұмыстары Қазақстан бойынша атқарылып жатыр. Бізде негізінен Ресеймен шектесетін аумақтарда проблема бар. Бірақ қазіргі кезеңде шегірткелер ешбір қауіп төндірмейді», - деді А. Мамытбеков.

 Қазақстанның шекаралас аумақтарының мәліметтеріне сәйкес, Ресей тарапынан химиялық өңдеулер жеткіліксіз көлемде және өте баяу жүргізілуде. Соның салдарынан шегірткелердің көпшілігі қанаттанған күйде және олардың Қазақстан аумағына жаппай ұшып-қону фактілері орын алуда.