Қазіргі прокаттағы отандық фильмдердің үлесі 5-ақ пайызды құрап отыр
АСТАНА. 21 тамыз. ҚазАқпарат – Бүгінде Қазақстанның кинопрокатындағы отандық фильмдердің үлесі 5-ақ пайызды құрап отыр. Бұл туралы бүгін Астанада өткен «Қазақстан жастарын патриоттық рухта тәрбиелеудегі ұлттық тарихтың рөлі» тақырыбындағы жиында «Қазақфильм» АҚ президенті Ермек Аманшаев мәлім етті.
Оның хабарлауынша, өткен жылы Қазақстан прокатына 285 фильм шықққан. Соның 225-сі - АҚШ-тың кинотуындылары, 48-сі ресейлік фильмдер болса, 14-і ғана Қазақстанға тиесілі. «Сондықтан бүгінгі кинопрокаттағы отандық фильмдердің үлесі тек 5 пайызды ғана құрап отыр. Бұл ретте қазақстандық фильмдердің санын арттырудың маңызы зор. Біз 20 пайыздық үлес туралы айтамыз. Бұл – 40-45 фильм. Оны шығару қиын болса, жылына 20-25 фильм шығарып, 10 пайыздық үлесімізді сақтап отырсақ қой... Бәсекеге араласуға мүмкіндігіміз болар еді», - дейді Е.Аманшаев.