Қазіргі таңда 2900-ге жуық кәсіпорынмен өзара ынтымақтастық туралы меморандумдар жасалды ? Премьер-Министрінің орынбасары

АЛМАТЫ. Ақпанның 28-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Қазіргі таңда республикадағы 2900-ге жуық кәсіпорында өзара ынтымақтастық туралы меморандум жасалды.
None
None
Оны Премьер-Министрдің орынбасары Өмірзақ Шөкеев бүгін Алматы қаласында өткен ұлттық компаниялар мен оларға тауар мен қызмет түрін ұсынатын өндіріс орындары арасындағы өзара ынтымақтастық туралы кезекті меморандумдарға қол қою рәсімінде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Меморандумдармен жұмыс жасау әкімдіктер мен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне жүктелген. Қазіргі таңда әкімдіктерге апта сайын жүйелі түрде штабтар ұйымдастыру міндеті қойылуда. Онда кәсіпорындар бірнеше топқа жіктелініп, үлкен тәуекел аймағында тұрған өндіріс орындарымен жұмыстар жүргізілуі тиіс. Өйткені ондағы менеджмент пен кәсіпорын басшылары бұл жағдайға дайын болмауы мүмкін. Сондықтан жергілікті деңгейде шешілетін мәселелердің бәрі жылдам және жедел шешілуі қажет», деді Өмірзақ Шөкеев. Оның айтуынша, тауар мен қызмет түрін пайдалануда қазақтандық компаниялардың үлесін арттыру жөніндегі Елбасы тапсырмасы бойынша қазір құрылымдау жұмысы толық аяқталған. Онда мемлекеттік органдардың сатып алуларына Қаржы министрі Болат Жәмішев, ұлттық компаниялардың сатып алуларына «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ның басқарма төрағасы Қайрат Келімбетов, табиғат пайдаланушылардың сатып алуларына Энергетика және минералдық ресурстар министрі Сауат Мыңбаев, жүйе құрушы ірі кәсіпорындардың сатып алуларына Индустрия және сауда министрі Владимир Школьник жауапты болып отыр. Оларға бұл жұмыста әкімдер көмектеспек. «Мемлекет басшысы бізге апта сайын форумдар мен мәжіліс өткізуге тапсырма берді. Бұл бірден өз нәтижесін беріп жатыр. Мәселен, Алматы қаласындағы форумда 3,7 миллиард, Астанадағы жиында 32 миллиард, ал алдыңғы күні Шығыс Қазақстанда өткен басқосуда 15 миллиард, ал кеше Талдықорғанда 18 миллиард теңгенің меморандумдары жасалды. Бүгін енді Алматыда тағы 100 миллиард теңгенің мемрандумына қол қойылды», деді Премьер-Министрдің орынбасары. Өмірзақ Естайұлының сөзіне қарағанда, енді арнайы мәліметтер базасы жасалып, бұл меморандумдар бойынша толықтай келісімшарттар жасалуына өзі бақылау жасамақ.
Соңғы жаңалықтар