Қазіргі таңда Ауыл шаруашылығы министрлігі жүйесінде 305 бос жұмыс орны бар

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазіргі таңда Ауыл шаруашылығы министрлігі жүйесі бойынша елімізде 305 бос жұмыс орны бар. Бұл туралы бүгін Ауыл шаруашылығы министрлігінде аграрлық мамандықтарды дайындайтын 7 ЖОО түлектерін жұмысқа тарту аясында өткен «Жас маманға - ақ жол!» акциясы барысында мәлім болды.
None
None

Шара кезінде 462 студент үшін министрлік бойынша қысқаша экскурс өткізілді. Ведомство қызметкерлері орталық аппараттың құрылымы жайында, мансап өсімінің мүмкіншілігі мен перспективасы жайлы және қызықтыратын сауалдарға жауап берді.

Баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, 2013 жылы жоғары қызметтерге 153 адам тағайындалды, оның 125 адамы (82%) министрлік қызметкерлері. Біліктілікті жоғарлату курстарынан - 1977 қызметкер өтті. Министрліктің 4 қызметкері бүгінде Еуразиялық экономикалық комиссияның Кедендік одақ және Еуразия экономикалық кеңістік ұйымында қызмет етуде. «Болашақ» бағдарламасында 3 қызметкер оқуда.

«Бүгінгі таңда Министрлік штатында 4 139 адам қызмет етеді, атап айтқанда: Астанадағы орталық аппаратта - 231, облыстың және аудандық инспекцияларды қосқанда АӨК мемлекеттік инспекциялары комитетінде - 1 472, Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінде - 2 436. Қазіргі таңда жүйе бойынша 305 бос орын бар» - делінген АШМ баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Соңғы жаңалықтар