Қазіргі таңда теміржол көлігімен жылына 18 млн. жолаушы тасымалданады-Ә. Құсайынов

АНА. 20 желтоқсан. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Қазіргі таңда теміржол көлігімен жылына 18 млн. жолаушы тасымалданады. Бұл көрсеткіш жыл сайын артып келеді. Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінде өткен Үкімет сағатында Көлік және коммуникациялар министрі Әбілғазы Құсайынов осылай мәлім етті.

Қазіргі таңда теміржол көлігімен жылына 18 млн. жолаушы тасымалданады-Ә. Құсайынов

«Сондықтан да, жолаушы вагондарының жетіспеушілігі кезінде халықтың еркін қозғалысын қамтамасыз ету, вагондар паркін тиімді қолдану және ең алдымен ішкі тасымалды қамтамасыз ету үшін нақты іс-шаралар қолға алынуда. Осы орайда, халықаралық пойыздарға тіркелетін вагондардың толуы нашар болғандықтан оларды ішінара алып тастау туралы шешім қабылданды. Есесіне, ішкі тасымалдағы бірқатар бағыттардың вагондар саны көбейтілді», - деді Ә. Құсайынов.

Дегенмен, министрдің айтуынша қазіргі таңда 80-90-жылдары сатып алынған вагондар паркінің ескіруіне байланысты қолайлылық деңгейі тиісті дәрежеде болмай отыр. «Атап айтқанда, жолаушылар вагондарының жетіспеушілігі 500 дананы құрайды. Осы мәселе шешімін таппаса жоғарыдағы көрсеткіш жыл өткен сайын ұлғая беретіні түсінікті. Әрі бұл мәселені тиімді шешу үшін ағымдағы жылы Астана қаласында «Тальго» компаниясымен бірлесіп жайлы вагондарды шығаратын зауыттың құрылысы басталды», - деді Ә. Құсайынов.