Қазіргі уақытта электронды мемлекеттік сатып алулар порталында 70 мыңнан астам қатысушылар тіркелді

Оның сөзіне қарағанда, аталмыш порталға аптасына 300 мың адам кіреді, күніне тіпті 30 мың адам кіретін кездер де болады. Мемлекеттік тапсырыс берушілер аталмыш веб-порталда электронды форматта 18 мың мемлекеттік сатып алулардың жылдық жоспарын жариялаған және мемлекеттік сатып алулардың нәтижелері туралы 900 мыңнан астам шешімдер орналастырылған. «Ағымдағы жылы электронды мемлекетік сатып алулар міндетті тәртіпте баға ұсынысы тәсілі бойынша, ал конкурс тәсілімен сатып алулар ілкі режімде іске асырылуда. Жалпы сомасы 1 млрд. 400 млн. теңге болатын 90-ға жуық конкурстар өткізілді. «Мемлекеттік сатып алулар туралы» заңға өзгерістер енгізу туралы жоба дайындалды. Бұл норманы келесі жылдан бастап барлық мемлекеттік органдар қолданатын болады», деді министр.