Қазіргі уақытта елімізде 283 кәсіпорын жұмысын толық немесе ішінара тоқтатты

АСТАНА. Наурыздың 2-сі. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Қазіргі уақытта республикамызда 283 кәсіпорын жұмысын толық немесе ішінара тоқтатты.
None
None
Бұл кәсіпорындарда 141 мың 148 адам жұмыс істейді. Бұл туралы бүгін Үкіметтегі селекторлық кеңесте Индустрия және сауда министрі Владимир Школьник мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Оның айтуынша, аталмыш жұмыскерлердің 42 мыңы ішінара жұмыспен қамтылған. Ал 26 мың адам толық емес жұмыс күні режимінде еңбек етеді. 11 мың адам мәжбүрлі демалысқа жіберілген, олардың айлық жалақысы сақталмаған. «Есепті кезеңде жұмыстан босатылған жұмыскерлердің саны 824 адам. 426 адамды жұмыстан босату жоспарланып отыр», деді министр.В. Школьник жұмыспен қамту жағдайын реттеу үшін орта және ірі бизнес саласындағы кәсіпорындармен меморандумдар бекіту жұмыстары жалғасып жатқанын атап көрсетті. Ақпанның 21-індегі жағдай бойынша 3280 меморандум бекітілген.
Соңғы жаңалықтар