Қазіргі уақытта компанияларға валюталық және пайыздық тәуекелдерді хеджирлеу қажет емес - дөңгелек үстел

АСТАНА. Мамырдың 6-сы. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - Бүгін Астанада «Валюталық және пайыздық тәуекелдерді хеджирлеудің тиімді әдістері мен тәсілдері» деген тақырыпта дөңгелек үстел отырысы өтті,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Орталық Азиялық кеңесшілер» агенттігінің ұйымдастыруымен болған жиынға Экономикалық даму және сауда министрлігі, Қаржы министрлігі, ҚР Ұлттық банкі, «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы, «ҚДБ Лизинг» АҚ, «ҚТЖ» компаниясы, «Қазтеміртранс» АҚ-ның мамандары мен сарапшылары қатысты.

Басқосуда «LIBOR» пайыздық ставкасы бойынша алынған қаржылық ресурстарды және валюталық тәуекелдерді хеджирлеу, олардың болжамды көрсеткіштері талқыға салынды.

«Орталық Азиялық кеңесшілер» агенттігінің тәуелсіз сарапшысы Нина Путийдің айтуынша, қазіргі уақытта компанияларға «LIBOR» пайыздық ставкасына байланған міндеттемелерді хеджирлеу тиімсіз әрі жөнсіз болып табылады.

Оның бірнеше себептері бар. «Америкалық валютаның әлемдік экономикаға әсерінің әлсіреуінен кредиттік мерзім аралығында «LIBOR» пайыздық ставкасының өсімі болмайды деп болжануда және нарықтағы қазіргі ставка бағамы соңғы он жыл ішіндегі ставкадан жоғары болып отыр», дейді Н. Путий.

Ал теңге-доллар валютааралық нарықта ұзақ мерзімді келісімдердің жоқтығы туындауы мүмкін валюталық тәуекелдерді хеджирлеу, сақтандыру тәсілдерін қолдануға мұрша бермейді. Қазақстандық банктер теңге бағамының шетелдік валюталарға салған айырмашылықтарына қатысты валюталық тәуекелдерді хеджирлеуді тек бір жыл көлемінде ғана келісім жасау тетіктерін ұсынады. Осы себептен компанияларға валюталық тәуекелдерді хеджирлеудің қажеттілігі туындап тұрған жоқ.

Хеджирлеу - бұл валюта немесе пайыздық бағамның өзгеруі барысында туындайтын шығындарды болдырмай, тәуекелдерді жоюға септігін тигізетін құрал. Тәуекелдерді сақтандыру арқылы компаниялар сенімді түрде ұзақ мерзімге жоспарлар құрай алады. Дегенмен, оның кері жағы да жоқ емес. Мәселен, бағамның жағымды өзгеруі барысында компаниялар одан жоғары пайда көру мүмкіндігінен айрылмақ.

Соңғы жаңалықтар