Қазіргі заман талабы тиімді мемлекеттік басқару жүйесі мен шағын Үкімет құру - Н.Назарбаев.

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазіргі заман талабы тиімді мемлекеттік басқару жүйесі мен шағын Үкімет құру.

Қазіргі заман талабы тиімді мемлекеттік басқару жүйесі мен шағын Үкімет құру - Н.Назарбаев.

Бүгін Ақордада өтіп жатқан Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев осылай айтты, деп жазады Ақорданың баспасөз қызметі твиттерде.

«Тек соңғы жылдарда ғана министрліктер арасындағы құжат айналымы 3-4 есе өскен. Мемлекеттік қызметкерлердің саны 2003 жылдан бері 8,5 мыңға жуық адамға өсіп, қазір 90 мыңды құрап отыр. Сондықтан кез келген басшы өз аппаратын қалай жетілдіру керектігін ойлауы қажет. Ал қызметкерлер штатын көбейте берудің не қажеті бар?» - деді Мемлекет басшысы.

«Шынымен де қазір бізге шағын ғана Үкімет құрып, шешім қабылдау орталығын министрліктер деңгейіне ауыстыру қажет. Мен мынадай шешім қабылдадым: Үкіметтің жаңа құрамы 12 министрлік пен 30 комитеттен құрылатын болады», - деді Елбасы.