Қазіргі заманғы өнер мұражайында «Ерлік мәңгілік» атты мерекелік шара өтеді

АСТАНА. Сәуірдің 27-сі. ҚазАқпарат /Айгүл Айтмұқанова/ - Астана қаласының Қазіргі заман өнері мұражайында Ұлы Отан соғысының 65 жылдығы мен қазақтың аңызға айналған қолбасшысы, Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлының 100 жылдығына арналған «Ерлік мәңгілік» атты мерекелік шара өтеді, деп хабарлайды «Бәйтерек» халықаралық медиа-орталығы.

Қазіргі заманғы өнер мұражайында «Ерлік мәңгілік» атты мерекелік шара өтеді

«Кинобейнепрокат дирекциясы» ЖШС-мен бірлесіп ұйымдастырылған кеш бағдарламасына сәйкес, тақырыптық көрме вернисажы, экскурсия, деректі фильм көрсетіліп, ҰОС ардагерлерімен кездесу болды. Көрмеде мұражай қорындағы Қазақстан, Ресей, Украина, Белорус, Түрікменстан және ТМД-ның өзге елдері суретшілерінің 1943-2010 жылдар аралығында жасалған туындылары ұсынылады.

Соғыс тақырыбындағы жәдігерлер де (соғысқа қатысқандардың ордендері мен медальдары, күнтізбелер мен соғыс кезеңінің құжаттары, гимнастерка мен өзге заттар) көрме көрме экспонатын толықтыратын болады.