Қазіргі жағдайда азық-түлік қауіпсіздігі елді өркендетудің басты шарты - Президент

АСТАНА. ҚазАқпарат – Астанада өтіп жатқан Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев азық-түлік қауіпсіздіг мәселесі жөнінде пікір білдірді, дп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазіргі жағдайда азық-түлік қауіпсіздігі елді өркендетудің басты шарты  - Президент
«Былтыр 83 мың тонна немесе 77 пайыз өнім сақтайтын қойма салу көзделген еді. Алайда жоспар 64 мың тоннаға ғана орындалды. Биыл жұмыс біршама жандана түсті. 98 мың тонналық қойма салу жоспарланып, соның 87 мың тоннасы қазірдің өзінде іске қосылды. Дегенмен бұл бағыттағы шаруаны әлі де ширата түсу керек»,-деді Президент.

Бұл ретте Мемлекет басшысы қазіргі жағдайда азық-түлік қауіпсіздігі елді өркендетудің басты шарты екенін түсіну қажеттігін айтты.

«Агроөнеркәсіп кешенін дамыту, әсіресе ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу – Үкімет пен әкімдер үшін басты басымдық болуға тиіс», деді Президент.