Қазкоммерцбанк 2009 жылдың 1-жарты жылдығындағы жұмыс қорытындысын жасады

АЛМАТЫ. Қыркүйектің 1-і. ҚазАқпарат /Ернар Бекен/ - Қазкоммерцбанк аудиторлармен бірге жүргізілген, ХҚЕС бойынша ұластырылған қаржы есебі негізінде құрастырылған 2009 жылдың 1-жарты жылдығындағы жұмыс қорытындысын жариялады,
None
None

 деп хабарлайды ҚазАқпарат банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл кезеңде төмендегідей жетістіктерге қол жеткізіліп отыр: Өткен жылдың 1-жарты жылдығымен салыстырғанда таза пайыздық табыс (құнсыздануға резерв қалыптаспағанға дейін) 7,2%-ға, яғни 106,2 млрд. теңгеге дейін өсті.  2008 жылдың 1-жарты жылдығымен салыстырғанда таза пайда 71,1%-ға төмендеп, 9,9 млрд. теңгені құрады. Банк активтері, жылдың басындағы жағдаймен салыстырғанда, теңгемен есептегенде 7,2%-ға өсіп, доллармен есептегенде 13,9%-ға төмендеді.  Клиенттер шотындағы қалдық -  теңгемен есептегенде 18,9%-ға, ал доллармен есептегенде 4,5%-ға өсті. «Провизияны есептегенге дейін операциялық шығынның операциялық табысқа шаққандағы коэффициенті» 9,9% құрады.  1-дәрежелі капиталдың адекваттық коэффициенті 13,9% болды. Жеке капиталдың адекваттық коэффициенті 18,1%.дейін өсті. «Несиені депозиттерге шаққандағы коэффициенті» 208% дейін төмендеді; 2008 жылдың соңында 219% болатын. Резерв жасау мөлшерлемесінің мөлшері 15,3%-ға дейін өсті.  Таза пайыздық маржа 8,4% құрады. Бір акцияның таза пайдасы 47,9 теңгеден 13,7 теңгеге дейін төмендеді. «Самұрық -Қазына» ҰӘҚ Банк акцияларының 21% сатып алды. Еуропаның қайта құру және даму банкі (ЕҚДБ) өз акцияларын 8,5%-дан 9,8%-ға дейін ұлғайтты. ҚКБ Үкіметтің тұрақтандыру бағдарламасына қатысуын  жалғастырды.

 Банктің басқарма төрайымы Нина Жүсіпованың айтуынша, банк өз жұмысын қаржы дағдарысына қарсы күрес бағытында жалғастыра беретін болады. «Нарық сенімі әзірге ақталмағандықтан, біз қиын экономикалық жағдайда жұмыс істеуді жалғастырамыз. Қазақстанның банк саласына несиелік қоржын сапасының нашарлауы және теңге девальвациясы әсерін тигізді. Біздің банк те бұл жағдайдан тыс қалған жоқ. Алайда қиын кезеңде Қазкоммерцбанктің өз жұмысында жақсы нәтиже көрсете білгені бізді қуантады. Біз актив сапасына және операциялық рентабельді сақтап қалу арқылы ликвидті басқаруға баса назар аудардық. Банктің бұл стратегиясы қаржы дағдарысын жеңуде маңызды рөль атқарады және стратегия жылдың соңына дейін өзгермейді».

Соңғы жаңалықтар