«Казкоммерцбанк» АҚ директорлар кеңесі мен басқармасының жаңа төрағалары сайланды

Директорлар кеңесінің отырысының нәтижесі бойынша бүгін жақында Директорлар кеңесіне тәуелсіз директор ретінде кірген Марк Хольцман банктің Директорлар кеңесінің жаңа төрағасы болып сайланғаны хабарланды. Банктің негізін қалаушы Нұржан Сұбханбердин болса, «Қазкоммерцбанктің» ірі акционері ретінде қалады.
Басқарма төрайымы және Директорлар кеңесінің мүшесі Нина Жүсіпова енді өз қызметін Директорлар кеңесінде Директорлар кеңесінің мүшесі ретінде жалғастыратын болады. Басқарманың жаңа төрағасы болып 2002 жылдан бері «Қазкоммерцбанктің» басқарушы директоры қызметін атқарып келген Мағжан Әуезов сайланды.
Нұржан Сұбханбердин Хольцман мырзаға Директорлар кеңесін басқаруда табысқа жетуге тілек білдірді.
«Марк Хольцман экономикасы дамып келе жатқан елдерде жұмыс істеген және тәжірбиесі мол, сондай-ақ ол қазақстандық капитал нарығының дамуына өз септігін тигізген алғашқылардың бірі. Сонымен қатар біз Хольцман мырзаның «Barclays Capital» және «ABN AMRO»-да вице-президенті қызметі кезінде алған құнды білімдері мен тәжірбиелері «Қазкоммерцбанктегі» корпоративтік басқаруды әлемнің үздік тәжірбиелерінің дәрежесінде қолдауды қамтамасыз ететініне сенеміз», - деді ол.
Банк басқармасының басқа мүшелері өзгеріссіз қалды.
Сонымен қоса Директорлар кеңесі 2015 жылғы мамырда акионерлердің кезектен тыс жалпы жиналысын шақыруға шешім қабылдады. Бұл жиналыста Директорлар кеңесінің жаңа мүшесін сайлау туралы сұрақ қаралатын болады. Директорлар кеңесінің жаңа мүшесі ретінде «Қазкоммерцбанк» басқармасының жаңа төрағасы Мағжан Әуезов кіреді деп күтілуде.