«Қазкоммерцбанк» АҚ-ның Басқарма мен Директор кеңесінде өзгерістер болды

АЛМАТЫ. 2 наурыз. ҚазАқпарат - «Қазкоммерцбанк» АҚ-ы бүгін   Ерік Балапанов 24 ақпаннан бастап Басқарма құрамынан шығарылғанын мәлімдеді.
None
None

2003 жылдан бері Басқарушы директор болып жұмыс жасайтын ол бұл қызметтен өз өтініші бойынша кеткен. Сол себепті оның «Грантум» зейнетақы жинақтау қоры, «GRANTUM ASSET MANAGMENT» зейнетақы активтерін инвестициялар арқылы басқару ұйымы, «Казкоммерц Life» өмірді сақтандыру компаниясы, Казкоммерц-Полис» сақтандыру компаниясы» АҚ-дары сияқты еншілес ұйымдардың Директорлар кеңесінің төрағасы өкілдігі де мерзімінен бұрын тоқтатылып отыр.

Экономика ғылымдарының кандидаты 42 жастағы Ерік Балапанов Банктегі корпоративті бизнеске жетекшілік еткен еді. Қазкоммерцбанкке келгенге дейін Қазақстан даму банкі басшыларының бірі болды. Алматы халық шаруашылығы институтын экономика, Еуразиялық нарық институтын қаржыгер мамандығы бойынша бітірген. Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін біледі.

Соңғы жаңалықтар