14:54, 24 Қаңтар 2009 | GMT +5
«Қазкоммерцбанк» алдағы жылы мұз қалашықтарын қаржыландыруды өзге қалаларда да жалғастырмақ
АЛМАТЫ. Қаңтардың 24-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - «Қазкоммерцбанк» алдағы жылы Қазақстанның солтүстігіндегі қалалардың мұз қалашықтарында тұрғызылатын мүсіндерді қаржыландыруды одан ары жалғастырмақ,

деп хабарлайды ҚазАқпарат аталмыш банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Биыл Астана мен Семей қаласының әкімдіктері мен банктің жергілікті филиалдарымен ынтымақтасу нәтижесінде мұз қалашықтарында мүсіндер тұрғызылған болатын. «Өкінішке орай, біз Қазақстанның солтүстігіндегі басқа қалаларда бұл шараны жүзеге асыра алмадық. Оған желтоқсанда ауа-райының жылы болуы кедергі жасады. Бұл жоба енді келесі жылы да жалғасын табатын болады», - дейді банктің басқарушы директоры Андрей Тимченко.