Қазкоммерцбанк артықшылықты акциялар бойынша дивиденд төледі
АЛМАТЫ. 14 желтоқсан. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - "Қазкоммерцбанк" АҚ "Акционерлік қоғамдар туралы" ҚР Заңының 24-бабының 3-тармағына сәйкес артықшылықты акциялар бойынша 10 желтоқсаннан дивиденд төлеуді бастады.
Ол енді күнтізбе бойынша 1 жыл ішінде қолма-қол төлемсіз акционерлердің банктік шотына аудару арқылы жүзеге асырылатын болады. Жалпы дивиденд төлеуге жататын төлемнің сомасы әрбір акцияға 0,04 доллардан есептегенде 4 миллион 984 мың 115 долларды құрады. Орналастырылған акциялар саны - 124 602 875 дана болатын. Акционерлерге төленетін төлемнің көлемі 734 558 868,7 теңге. Ал алушылардың банктік реквизиттері жоқ болғандықтан төленбеген дивиденттер - 22 555,02 теңгені құрады. Жалпы артықшылық акцияға дивидент алу құқы бар акционерлердің тізімі 10 қарашада жасалған болатын.