Қазкоммерцбанк «Қуат корпорациясы» АҚ-ның үлескерлерін қайта несиелендіреді
АЛМАТЫ. Қарашаның 13-і. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Қазкоммерцбанк «Қуат корпорациясы» АҚ-ның үлескерлері болып табылатын банктің борышкерлері үшін қайта несиелендіру бағдарламасын іске қосты,
деп хабарлайды ҚазАқпарат банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Банктің жеке қаржысы арқылы жүзеге асатын қайта қаржыландыру көлемі 1 миллиард теңгеден асады. Қайта қаржыландыру «Қуат» АҚ-ның Қазкоммерцбанктің және «Стресстік активтер қоры» АҚ-ның қаржыландыруы мен аяқталатын «Гранд Алатау» 2, 4-ші бөлігі, «Сайран» тұрғын үй кешенінің 2, 20, 42, 46, 29 бөлігі, «Үш төбе» тұрғын үй кешені сынды құрылыс нысандарының үлескерлеріне тиеселі. Қайта қаржыландыру бойынша үлескерлердің несиелерінің пайыздық мөлшерлемесі 11 пайызға дейін төмендетіледі.
«Бұл шара «Қуаттың» үлескерлерінің мәселесін жеңілдете түседі деген ойдамыз», дейді банктің атқарушы директоры Әділ Батырбеков.