«Қазкоммерцбанк» пен К.Рақышев «Самұрық-Қазынадан» БТА банктің үлесін сатып алады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - «Қазкоммерцбанк» АҚ (ҚКБ) мен Кеңес Рақышевтың әрқайсысы «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-нан БТА банктің 46,5 пайыздық бірдей үлесін сатып алу жөніндегі келіссөздер түбегейлі аяқталды.

«Қазкоммерцбанк» пен К.Рақышев «Самұрық-Қазынадан» БТА банктің үлесін сатып алады

«Самұрық Қазына» (СҚ) БТА-да қалған 4,26 пайыздық үлесін ҚКБ-не сенімділікті басқару келісімшарты бойынша береді, бұл ҚКБ-ке 50 пайыз дауыс пен БТА-ны операциялық басқаруды қамтамасыз етеді. «Самрұқ Қазына» ҚКБ капиталының ағымдағы қатысушысы болып қала береді, ал 2009 жылы ҚКБ акционерлерімен жасалған қор акцияларының пакетіне қатысты опциялық келісімнің мерзімі ұзартылады.

ҚКБ 46,5 пайыздық акцияларды сатып алу құны 72 075 млн теңгені құрайды. Бұл шамамен 456 млн. АҚШ доллары. Ал БТА банктің 100 пайыздық капиталының шамаланған құны 2013 жылдың 30 қыркүйектегі мәлімет бойынша 1 млрд. долларға тең.

«Бұл Қазкоммерцбанкпен кезең-кезеңмен асырылатын келісім. Сатып алудан кейінгі ҚКБ мен БТА банктерінің біріктірілуі аймақта ең ірі әмбебап банктің пайда болуына сеп болмақ. Бұл үлкен көлемді әртараптандырылған институттың активтері өзінің ең жақын бәсекелестерінен 1,5 есеге дейін жоғары болады. Біріктіру және ҚКБ-нің проблемалы несиелерін шешу тәжірибесі БТА алдындағы түйткілдерді шешеді. Жалпы бұдан соң Қазақстанның банк секторы жандана бастайды, сәйкесінше, халықтың банктерге деген сенімі де артады деген үміттеміз», - дейді ҚКБ-нің басқарма төрайымы Нина Жүсіпова.